Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл соңғы қоңырау қалай өтеді?

Биыл соңғы қоңырау қалай өтеді?

Kyzylorda-news.kz. Соңғы қоңырау аясында мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі. Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады. Сонымен қатар, екі нұсқа ұсынылып отыр, яғни сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылған. Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады», – Ш. Каринова министрліктің аппарат жиналысында.

Мұнымен қоса ол оқу жылының аяқталуына байланысты педагогикалық қағидатты сақтау үшін әртүрлі сыйлықтарды алуға рұқсат етілмейтінін еске салды.

«Жалпы, соңғы қоңырауды өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушылары үшін белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыстың басталуы. Ал мектеп түлектері 9 және 11 сыныптар үшін мектеп бітіру іс-шарасы болып саналады. Атап айтқанда, штаттық режимде (соңғы қоңырау) өткізілетін жағдайда барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуы тиіс. Әр оқушымен, әр мектеп бітірушімен келетін ата-ананың саны бірден аспауы керек. Мұның өзі санитарлық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді», – деді вице-министр.
11 мамыр 2021 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области