Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Үйін сағынған сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

Үйін сағынған сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

Kyzylorda-news.kz. Алматы облысындағы Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаз үйін сағынып, әскери бөлімнен қашып кеткен. Алайда оны екі күннен кейін ұстаған.

«14 мамыр күні 5574 әскери бөлімінің (Заречный кенті, Алматы облысы) мерзімді қызмет әскери қызметшісі Дархан Мырзабаев өз еркімен белгісіз бағытқа кетті», – деп атап өтті ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінде.

Әскери бөлім жеке құрамының күшімен сарбазды іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.

«Мырзабаев 16 мамырға қараған түні Сарыөзек станциясында ұсталды. Сарбаздың айтуынша, әскери бөлімнен кетуіне үйін сағынуы себеп болған. Қазір қатардағы жауынгер әскери бөлімге жеткізілді», – деп атап өтті ведомствода.

Қызметтік тергеу жүргізілуде.

16 мамыр 2021 ж. 148 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области