Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ІІМ білім беру мекемелерінде тексеруді бастады

ІІМ білім беру мекемелерінде тексеруді бастады

Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрлігінде Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс жедел кеңес өтті. Кеңес барысында министр Ерлан Тұрғымбаев ІІМ қызметтері мен аумақтық полиция департаменттерінің басшыларына барлық білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйелерімен, қызметкерлер мен келушілерді хабардар ету құралдарымен, дабыл түймелерімен, күзет сигнализациясымен және күзетпен жарақтандыруды тексеруді тапсырды.

17 мамырда басталатын “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде қару мен оқ-дәрілерді сатудың заңдылығын, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларда қауіпсіз сақтау шарттарын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістіктің тұрақты мониторингі жүзеге асырылатын болады.

«Балалар – қоғамның ең осал бөлігі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі әрқашан басымдыққа ие. Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру мекемелерімен және азаматтармен бірлесіп біз балалардың мектептерде білім алып, ата-аналардың бала қауіпсіздігі туралы алаңдамауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз», – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
16 мамыр 2021 ж. 121 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области