БҰҰ Арал маңын экологиялық инновациялық аймақ деп атады
Kyzylorda-news.kz. Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында Арал маңы аймағын «экологиялық инновациялар мен техниологиялар аймағы» деп жариялайтын қақарды бірауыздан мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Бұл бастаманы Өзбекстан көтерген, ал қақарды 50-ден астам мемлекет қолдаған, олардың арасында Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстан елдері бар.
Өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ-да сөз сөйлеген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Арал теңізінің құрғап кету салдарынан Арал маңы аймағы «экологиялық апат ошағына» айналғанын айтты. Ол бұл проблеманы соның ішінде «2 миллион гектар аумақта жаңа ландшафт, орман сілемдерін және топырақ қабатын қалыптастыру жолымен» бірлесіп шешуді ұсынды».
Арал кезінде көлемі жағынан төртінші орынд тұрған жабық теңіз болған, қазіргі кезде ол құрғап кетіп, шағын суқоймаға айналды. Көптеген балық тұқымдары, сондай-ақ аймақта мекендеген жабайы жануарлар – Тұран жолбарысы, гепард, аққулар, фламинго, ақ тырна жоғалып кеткен.
Аралдың жалаңаштанған бөлігінде аумағы 5,5 млн гектардан астам тұз шөлі пайда болды. Мұнда шаң соғып, атмосфераға көптеген мың шақырым жерге шаң мен улы тұзды таратып, өсімдіктерді жойып отырады. Экологиялық апат миллиондаған адамның өмірі мен денсаулығына әсер етті: дәрігерлер көмекей және өңеш обырының, сондай-ақ респираторлық, көз және өзге аурулардың көбеюін атап өтуде. Арал теңізі бұрынғы қалпына келе алмайды, бірақ жергілікті тұрғындарға қорғаныс және көмек қажет болып отыр.
Осы қабылданған қарарда Бас Ассамблея Арал маңы аймағында экологиялық, әлеуметтік, экономикалық жне демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған аймақтық іс-шаралар мен бастамаларды қолдайтыны мәлімделген.