Ақылы жолдар қанша тұрады?
Kyzylorda-news.kz. Төлем тас жолдың техникалық сипатына байланысты алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәселен, І-санаттағы тас жолдарда автокөліктердің барлық түрі, ал ІІ және ІІІ санаттағы тас жолдарда тек жүк көліктері төлем жасайды. Жеңіл көліктерге 1 километр үшін 1 теңге. Ал жүк көліктеріне 25 теңгеге дейін жетеді. Шетелдік және отандық көліктерге төлемақы көлемі бірдей. Ал ақылы жолдың бойында тұратындарға құны мың теңге болатын бір жылдық абонемент қарастырылған. Төлем алудың «ашық жүйесі» енгізіледі. Яғни учаскелерде шлагбаумдар болмайды. Оның орнына арнайы аркалар қойылған. Көліктердің жүріп өткен жолы туралы ақпарат аркаларға бекітілген камерадан тіркеледі.
«Салық кодексіне сәйкес ақылы жолдардан түскен ақша сол жолдарды күтіп жөндеуге жұмасалады. Ол үшін бюджеттен ешқандай ақша бөлінбейді. Жолдарда қызмет көрсетумен «Қазақавтодор» ЖШС айналысады», – дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ департамент директоры Рустам Исаев.
Айта кетейік, І-техникалық санатқа төрт жолақты, жоғары комфортты жолдар кіреді. Мысалы, Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы Харгос бағыттары осы бірінші санатқа жатады. Бұл жолдар сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге келеді. Екінші және үшінші санаттағы жолдар екі жолақты. Мұндай бағыттарда тек жүк көліктерінен ақы алынады.