Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 14 сотталғанға ескерту жасалды

Қызылордада 14 сотталғанға ескерту жасалды

Kyzylorda-news.kz. «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы барысында 14 сотталғанға ескерту берілді.

Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қайтадан заң бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 17-22 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараны ұйымдастыру үшін жергілікті ішкі істер органдарымен бірлескен жоспар құрылды. «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы аясында пробация есебіндегі әрбір азаматтың мінез-құлқына бақылау жасалып, есептен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілді.

Қалалық, аудандық пробация қызметтері есебінде барлығы 965 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындарынан 949 рет тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін бұзған 14 сотталған анықталып, «ескерту» жазасы берілсе, бас бостандығының шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін 4 сотталғанның іс-құжаттары сотқа жолданды.
24 мамыр 2021 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области