Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалылық дихандар биыл 6637 гектар жерге күріш екті

Қазалылық дихандар биыл 6637 гектар жерге күріш екті

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданы бойынша 17 685 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде күрiш көлемі 6637 гектарды құрайды. Ауданда күріш егу жұмыстары сәуір айының 25-де басталып, 31 мамырда толығымен аяқталды.

«Қазіргі таңда егілген күріштің 6088 га суға бастырылды. Әліде 389 га жер суға бастырылмаған. Суға бастырудың оңтайлы мерзімі 5-ші маусымға аяқталуы тиіс. Дегенмен қазіргі уақытта әлі де 10 күнге созылуы мүмкін. Бүгінде күріштің пісу мерзімі қысқа «Сыр сұлуы» сорты егілуде»,-деді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков.

Қазалыда суды тиімді пайдалану мақсатында шаруашылықтар өз күштерімен 9,2 км шаруашылық, 12,7 км ішкі шаруашылық каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді.

«Бүгінгі мәлімет бойынша, Шардара су қоймасына секундына 76,9 текше метр су түсуде. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 текше метрге кем. Қоймадағы су көлемі 4033 млн. текше метр. Ал қоймадан төменге секундына 200 текше метр су жіберілуде, бұл өткен жылдан 50 текше метрге аз. Ал Көксарай су реттегішіндегі су көлемі 811,0 млн. текше метр, төменге секундына 390 текше метр су жіберілуде. Шардара мен Көксарайдағы су көлемі 4844 млн. текше метр. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 590 текше метр су жіберілуде»,- деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов.
07 маусым 2021 ж. 166 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области