Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма?

«Жаңа оқу жылында біз мектептерді ашып, оқушылар дәстүрлі форматқа оралады деген үміттеміз. Бірақ әрине бұл үшін ең негізгі шарттар орындалуы керек: бұл қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және вакциналау. Сондай-ақ өңір «қызыл» аймақта тұрмауға тиіс, «жасыл» аймақта болғаны жақсы», – деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр вакиналау қарқыны мен аурушаңдықтың төмендеуі оқу жылының басталуына оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.