Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Министр: Шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады

Министр: Шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады

Kyzylorda-news.kz. Шалғайдағы елді мекендердің оқушылары 4-тоқсанды мектепте оқуға мүмкіндіктері бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде шағын жинақталған, әсіресе, шалғайдағы, өте алыстағы елді мекендердегі мектептер бар. Оларда бала саны өте аз. 20, 40, 50 бала білім алады. Бірақ, үлкен мектептер. Осы мектептер бойынша қазіргі уақытта тиісті шешім қабылдадық. Әрине, эпидемиологиялық жағдайға байланысты әлі де шешімді қарап, керек болса түзетеміз. Бірақ, республика бойынша осындай мектептердің тізімін анықтадық және осы мектептерде қазіргі уақытта тиісті карантиндік шаралар қабылданатын болса, онда сол мектептер өздерінің дәстүрлі форматында жұмысын жалғастыра беруге мүмкіндіктері бар», - ол.
Бірақ, министрдің айтуынша, мұндай мектептерде сабақ өткізу уақыты 30 минутқа қысқартылады. Сонымен қатар оқушылар екі ауысыммен білім алады.
31 наурыз 2020 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области