«Автобус»: Қызылордада 442 жол ережесін бұзу дерегі анықталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасында барысында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың 442 дерегі анықталды.
Оның ішінде, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған-45, тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған-1, заңсыз қайта жабдықтаған-30, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген-17, міндетті техникалық байқаудан өтпеген–55, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған-69 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, белгіленген жылдамдықты асырған 3 жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзған -56, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған – 32,жолаушыларды заңсыз тасымалдаған–10 жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.