Қызылорда: Жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам қан тапсырды

Орталық бүгінде 16 медициналық ұйымды қан компанентімен қамтамасыз етіп отыр. 8 мыңнан астам адам тұрақты донор болады.
«Бұрын қырым-конго безгегімен ауырған науқастарға имундық плазма дайындайтынбыз. Өткен жылдан бастап «COVID-19» вирустық инфекциясымен ауырған пациенттерді емдеу үшін иммундық плазманы әзірлеуді қолға алдық. Қазір 109 дозасы қорда бар. Сондай-ақ, 8900 доза жаңа мұздатылған плазма және қан компанентерінің қоры сақталуда. Орталық толығымен автоматтандырылған. Яғни, бізге келген доннарларды тексеру екі этап бойынша скрин жүргізіледі. Қанның құрамы толық тексеріледі», – дейді Венера Сансызбайқызы.
Қан тапсыруға ниеттілердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Тиісінше медицина ұйымдарын уақытылы қан компанентерімен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда орталықта 87 маман қызмет атқарады. Оның 12-і дәрігер, 3-уі зертхана маманы, 47-і орта буын қызметкерлері.