Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда балалар «Ashyq» бойынша тексеріле ме?

Қазақстанда балалар «Ashyq» бойынша тексеріле ме?

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алдағы уақытта балалар да «Ashyq» жобасы арқылы тексерістен өтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі таңда «Ashyq» жобасының ересектердің арасында тиімділігі тексеріліп жатыр. Ересектер арасында жоба тиімділігі дәлелденсе, балалар мектепке, оқу орындарына барған кезде осы жоба арқылы тексерілмек.

«Бүгінгі таңда балалардың арасында да аурушаңдық деңгейі өсіп отыр. Балалар да ауру таратып жатқаны белгілі. Бірақ біз «Ashyq» жобасының тиімділігін, коронавируспен күресудегі пайдасын әуелі ересек адамдардың арасында тексеріп жатырмыз. Ересектерді тексеруді ретке келтіріп алатын болсақ, балаларға да енгіземіз. Балалар мектепке, жоғарғы оқу орнына баратын кезде оларға да «Ashyq» жобасын енгізетін боламыз», – дейді Ғиният.
16 маусым 2021 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области