Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Серіктес директорлар» лигасы саммит өткізді

Қызылордада «Серіктес директорлар» лигасы саммит өткізді

Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш рет Қызылордада ерекше форматта мектеп директорларының саммиті өткізілді. Бұл лиганың оқу жылындағы қорытынды жиыны.

Саммитке облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева және бірқатар мектеп директорлары жиналды.

«re-Start: Жаңа әлемдегі жаңа мен» атауында өткен директорлар саммитінде білім беру ұйымының басшылары өзекті тақырыптарға негізделген мәселелерді пікір алмасу форматында талқылады.

Шарада білім орнының басшылары қызықты тақырып аясында ой бөлісті. Мәселен, 176 мектеп директоры Қадыркүл Шаймағанбетова «Директордың 10 қателігі» тақырыбын арқау етіп алып, ортаға жиналған директорларға төте сауал қойып, пікір алмасты. Ал, 3 ІТ лицей директоры Ләззат Әбенова «Директордың өзіндік дамуындағы жылдық жоспар модулі» тақырыбын ашып берді. Жеке және жылдық жоспарды құрудың жолдарын тарқатты. Сондай-ақ, 43 мектеп директоры Бақытжан Иманбердиева «Көшбасшыдағы эмоциональды интеллект» бағытында ой өрбітті. Арнайы бейнесюжет арқылы директорларға тығырықтан шығар жолды нұсқап, тосыннан сұрақтар қойды. Ал, облыстағы ең жас мектеп директоры 164 мектеп директоры Жанболат Ахметжанов «Педагогпен диалог» тақырыбында қызу пікірталас ұйымдастырды.

Жиында Ақзира Бақтыбайқызы директорлардың бәсеке ағынына қарсы төтеп беру, өзіндік даму, ата-анамен байланыс туралы ойымен бөлісті.

«Бүгін директорлардың еркін пікір алмасуы алаңын көргендей болдым. Шын мәнінде қазіргі заман талабы директорларға кабинеттік басқару жүйесінен алыстайтын уақыт жеткенін айқындап отыр. Өз мектебіндегі мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орната алмаған директор басқарушылық сатыда көрінбеуі мүмкін. Оқушылармен, ата-аналармен жұмысты жүйелі жолға қойған директордың әрбір жұмысы сондай өлшемшарттармен бағаланады. Әрине, бірінші кезекке мазмұн, сапаны қоюларыңыз қажет. Білім беру стандартын меңгерту үшін директор жан-жақты жұмысты үйлестіруі қажет. Жаңа білімді игеру, педагогтардың жағдайына кіру, ата-аналардың тілін табу ең маңызды керек қасиет. Бұл ретте алдағы оқу жылын табысты бастайсыздар деп сенемін», – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Ой алаңында барлық директорлар өзіндік пікірін айтып, көзқарастарын білдірді. Ішкі анализ, сыни ойлау сынды мәселелерде қамтылды.

Саммит соңында қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева лига аясындағы жұмыстардың барлығы директорлардың өзіндік дамуына жол ашқанын атап өтті.

Алдағы уақытта лигалықтардың құрамы жаңа директорлармен толығады.
19 маусым 2021 ж. 252 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области