Бүгін – Мемлекеттік қызметші күні

2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №716 Қаулысымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді. Бүгінгі таңда елімізде 97 мыңға жуық мемлекеттік қызметші табысты еңбек етіп жүр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі жаһандық стандарттарға сай келеді, ал мемлекеттік аппараттың «қартаюы» және гендерлік теңсіздік көрсеткіштері жөнінен ілгерілеушілік байқалады.
Былтыр мемлекеттік қызметшілердің штат саны біраз азайтылды. Жекелеген мемлекеттік органдардың құрылымын қайта ұйымдастыру және оңтайландыру есебінен штат саны 493 бірлікке кеміген болатын.
Нақтырақ айтсақ, «Б» корпусының лауазымдары 524 бірлікке қысқарса, саяси лауазымдар мен «А» корпусының лауазымдары тиісінше 24 және 7-ге ұлғайған.