Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
Департамент жанынан құрылған комиссияның алдында байқауға қатысушы мемлекеттік қызметшілер бақтарын сынады. Биылғы жылғы конкурстың өңірлік кезеңіне 8 мемлекеттік қызметші үміткер ретінде «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» тақырыбындағы уәждемелік эссесін ұсынған. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу бойынша тестілеуден 8 үміткердің 5-і өткен. Өңірлік комиссияның отырысында алғашқы сатылардан сүрінбей өткен мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, оны жетілдіру бойынша жеке жобалық жұмыстары бағаланды.
Өңірлік комиссияның шешімімен облыстық кезеңнен Қазалы аудандық соты кеңсесінің бас маманы Ақылбек Қазыбековтың және Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жасұлан Бейсенбеков жеке жобалық жұмыстары үздік деп танылып, республикалық деңгейге ұсынылды. Ендігі кезекте облыстың үздік мемлекеттік қызметшілері республикалық комиссия алдында өз жобаларын қорғайды.
Айта кетейік, Республикалық деңгейде жеңімпаз атанғандар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталып, республикалық «Жас мемлекеттік қызметшілер» форумына қатысуға жолдама алады.
05 маусым 2019 ж. 469 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области