Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы өтеді

«Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы өтеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 16,7 пайызы жастар.
Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы талаптарын сырбойылық жас мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру мақсатында өткен басқосуда белгілі болды.
Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы туралы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, жиында облыстағы мемлекеттік қызмет кадрларының жағдайы туралы да мәліметтер айтылды.
«Қазіргі таңда, Қызылорда облысында 3593 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Олардың ішінде, 55,4 пайызы ерлер, 44,6 пайызы әйелдер. Ал, 602 қызметкер 29 жасқа дейінгі азаматтар. Жастар барлық мемлекеттік қызметшілердің 6/1 бөлігін құрып отыр. Аймақтағы ең жас мемлекеттік қызметкер 19 жастағы Назерке Бердібай. Ол қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші маман лауазымында қызмет атқаруда. «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауына қатысу үшін жас мөлшеріне шектеу қойылмаған. Дегенмен, бүгінгі шараға жастардың шақырылуы бекер емес. Биыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Осы себепті Сырбойылық білімді де білікті жас әріптестерімді «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсына белсене атсалысуға шақырамын» - деді департаменттің басқарма басшысы Еркебұлан Сарымбетов.
Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі, 2018 жылы аталған байқауда республиканың «Үздік мемлекеттік қызметшісі» атанған жас мемлекеттік қызметші қатысты. Облыстық тергеу сотының бас маманы 27 жастағы Берік Керуенбаев байқауға қатысуға ниет білдірген әріптестеріне сәттілік тілеп, мотивациялық серпін берді.
Басқосуға келген жас қызметкерлер «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы туралы сауалдарын қойып, бірқатары қатысуға ынталарын білдірді.
Негізінен, аталған байқау өңірлік және республикалық екі деңгейде өткізіледі. Өңірлік кезеңде қатысушылар уәждемелік эссе жазады, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша тест тапсырады, өңірлік комиссияға жеке жобалық жұмыстарын ұсынады. Алғашқы кезеңнің жеңімпаз деп танылғандар жобалық жұмыстарын республикалық комиссия алдында қорғайды.
Республикалық кезеңдегі байқауда жеңімпаз атанғандар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталып, республикалық «Жас мемлекеттік қызметшілер» форумына қатысуға жолдама алады.
22 сәуір 2019 ж. 591 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области