Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметтегі «Батыр аналарға» құрмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметтегі «Батыр аналарға» құрмет көрсетілді

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 45,7 пайызы нәзік жандылар. Ал, олардың қатарында 13 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қызмет етуде. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимовтың мереке қарсаңындағы «Батыр аналарды» қабылдауында белгілі болды, деп жазады Kyzylorda-news.kz.

Облыстағы 3603 мемлекеттік қызметшінің 1645-і әйел азаматшалар. Олардың 733-і жергілікті атқарушы органдарда, ал, 912-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.
«Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметте басшы лауазымда 324 әйел жұмыс жасайды. Олардың арасында, 3 департамент басшысы, 4 басқарма басшысы, 6 ауыл әкімі бар. Басқалары түрлі деңгейдегі, яғни, қалалық, аудандық дербес басқарма және бөлім басшысы қызметін атқаруда. Бүгінгі шараға, жауапкершілігі мол мемлекеттік қызметте ер азаматтармен қатар жұмыс жасап келе жатқан «Батыр аналарды» шақырып, құрмет көрсетіп отырмыз. Мемлекеттік қызметпен бірге, ел демографиясына үлес қосып келе жатқан аналарымызға алғысымды білдіремін», - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Шара барысында Батыр аналарға құрмет көрсетіліп, балаларға сыйлықтар табысталды.
06 наурыз 2019 ж. 502 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области