Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

25 маусымға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 25 маусым күні циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар республиканың шығыс бөлігіне әсер етіп, соған байланысты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жел күшейіп, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-шығыстың кей бөлігінде тұман түседі.

Батыста күн жауын-шашынсыз және аптап ыстық болады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің жылдадығы кей жерлерде секундына 15-20 мтрге ейін күшейеді.

Алматы облысында желдің екпіні 23-28 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысында жел шаңды дауылға ұласады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе Маңғыстау Атырау облыстарында аптап ыстық болады.

Атырау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
25 маусым 2021 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области