Қызылордада жанар-жағармай қоры жеткілікті

«Үстіміздегі жылдың маусым айында жанар-жағармайға уақытша тапшылық болды. Бұл еліміздегі мұнай өндеу зауыттарында жыл сайынғы жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуінен және тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігінен орын алды. Алдағы уақытта Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты да жөндеуден өтеді. «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аталған мәселе өз шешімін табуда», – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.
Бүгінде АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы 171,8 теңге, дизель отыны 191,2 теңгені құрайды.