Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көші-қон заңын бұзған 238 азамат анықталды

Қызылордада көші-қон заңын бұзған 238 азамат анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара барысында тәртіп сақшылары шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олардың облыс аумағында болу заңдылығын тексерді. Жатақханалар, қонақ үйлер, базарлар, вокзал және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады. Облыс көлемінде Көші-қон қызметі бөлімі мен Жергілікті полиция қызметкерлерімен жүргізілген жұмыс барысында 275 шетел азаматы полиция органдарына жеке басын анықтауға жеткізілді. 238 азамат заң бұзған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, Қызылорда әкімшілік мамандандырылған сотына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

«ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 167 шетелдік анықталды. Азаматтар жеке басын анықтайтын құжатының болмауына байланысты Қызылорда ҚПБ-ның Қабылдау-тарату орнына жеткізілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
12 шілде 2021 ж. 116 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области