Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңбыр жауып, күн күркірейді: Алдағы үш күнге ауа райы

Жаңбыр жауып, күн күркірейді: Алдағы үш күнге ауа райы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 20-22 шілде аралығында республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады.

21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.

Батыста ауа температурасы түнде +20…+25℃, күндіз +33…+41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10…+18℃, күндіз +23…+35℃ болады. Солтүстік-батыста түнде +12…+25℃, күндіз +25…+40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10…+21℃, күндіз +25…+35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде +13…+25°С, күндіз +30…+40°С болады.

Елордада 20 шілдеде күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы +26℃ жылы, түнде +16℃-ты көрсетеді.

21 шілдеде күн ашық, желдің жылдамдығы – 9 м/с. Күндіз +26℃, түнде +15℃ жылы болады. 22 шілдеде күн ашық болады, күндіз +27℃, түнде +14℃ жылы.

Алматыда 20 шілдеде күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +33℃, түнде +20℃. Желдің жылдамдығы – 9 м/с.

21 шілдеде күн ала бұлтты, күндіз +32℃ жылы, түнде +23℃ жылыны көрсетеді. 22 шілдеде күн ашық, күндіз +32℃, түнде +21℃.

Шымкентте 20 шілде күн ашық, ауа температурасы +37℃, түнде +22℃. 21 және 22 шілдеде де күн ашық болады. Күндіз +35…+37℃, түнде +23℃ жылы болады. Желдің жылдамдығы 9-10 м/с.
19 шілде 2021 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области