Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарға көмек беріледі

Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарға көмек беріледі

Kyzylorda-news.kz Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына барып, облыстағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды.

Облыс әкімі Серікбай Тұрымов үкімет басшысына өңірдегі мал шаруашылығы саласында қалыптасқан ахуал және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөнінде айтты. Сондай-ақ зардап шеккен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарын жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша ақпарат берді, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Тұрымовтың айтуынша, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жұмыстары жолға қойылған.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен жасалған келісімшарт негізінде 1 200 тоннадан астам арпа әкелінген. Олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды.

Сондай-ақ өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Фермерлік шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел шешу және мониторинг жасау жөніндегі республикалық штаб та бар. Оның қорытындысы бойынша үкімет Маңғыстау облысында малдың аналық басына арналған азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 миллиард теңге бөлді.

Сапар барысында премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен көлемі 114,7 мың тонна дайындалған шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы көлемі 56,3 мың тонна жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетін болды.
21 шілде 2021 ж. 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области