Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН МАШИНИСТ ПЕН ЖОЛСЕРІКТІҢ ОТБАСЫНА КӨМЕКТЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН МАШИНИСТ ПЕН ЖОЛСЕРІКТІҢ ОТБАСЫНА КӨМЕКТЕСТІ

Қызылордалық теміржолшылар өрттен зардап шеккен машинист пен жолсеріктің отбасына көмектесті
  Қызылордалық теміржолшылар мен филиалдың «Нұр Отан» партиясы бірлесіп, өрт салдарынан зардап шеккен машинист пен жолаушылар пойызы жолсерігінің отбасына көмек берді.
  Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинисі Өмірхан Қариев пен жолаушылар пойызының жолсерігі Гүлжан Сералиеваның үйлері өздері жоқта өртке оранған болатын. Өрт пешті дұрыс іске қоспау салдарынан болған.
 Қызылорда жол бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев теміржолшыларға әріптестеріне көмек беру туралы алдымен үн қосып, қайырымдылық қорына алғашқы болып қаржы салды. Филиал директоры үш баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Г.Сералиеваның отбасына азық-түлік себетін жіберді.
Теміржол құрылымының барлық еңбеккерлері бұл бастамашылықты қолдап, екі отбасына да қаржы жинап, үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге көмектесті.
  «Барлық теміржолшыларға осындай қиын сәтте қол ұшын созғандары үшін алғысым шексіз. Барлығын қосқанда үйдің 70 пайызын күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік алды»,-дейді А. Арысбаев.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
06 сәуір 2018 ж. 469 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области