Қазалы ауданында 600 орындық мәдениет үй салынады

«Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2 млрд. теңгені құрады. Көрсеткіш 2,2 есеге көбейді. Қазіргі таңда, 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. 5 ғимарат пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында №226 мектеп-гимназиясына қосымша спорт залы және Қ.Пірімов ауылынан спорт кешені салынады»,-деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде жыл соңына дейін бұрынғы №170 мектептің орнына 250 орындық мектептің құрылысы басталады