Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Kyzylorda-news.kz. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

91 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек өте тартысты басталды. Бірінші раунд испаниялық боксшы Эммануэль Рейестің пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) америкалық боксшыдан жеңілді.

Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.
27 шілде 2021 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области