Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

Kyzylorda-news.kz. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бүгін ресейлік Иван Верясов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы екі раундта Қамшыбектің басымдығы байқалып тұрды. Үшінші раундта да сол қарқынынан тайған жоқ. Осылайша жартылай финалға шықты.

Қазақстандық спортшының бүгінгі қарсыласы Иван Верясов 1993 жылы дүниеге келген. Әуесқой бокста қазірге дейін 281 жекпе-жек өткізіп, оның 255-де жеңіске жеткен болатын. Әзірге әлемдік және құрлықтық чемпионаттарда жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Қамшыбектен өзге Сәкен Байбосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі) жарысты жалғастыруда.

Ал Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) қарсыласына есе жіберіп қойды.

Қыздарда Надежда Рябец (75 келі) алғашқы кездесуде жеңіліп қалды.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
01 тамыз 2021 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области