Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сұйытылған газ бағасы арзандады

Қызылордада сұйытылған газ бағасы арзандады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада автогаз құю станциясында сұйытылған мұнай газы бағасының негізсіз өсу белгілері анықталды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті агенттіктің тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылдың қаңтар-маусым кезеңіне Қызылорда облысы бойынша автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тауар нарығына талдау жұмысын жүргізді.

Талдау барысында биылғы жартыжылдықта «Автогаз Трэйд» ЖШС, «ЖШС «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Auto Gas Station» ЖШС, «Galaxy Oil» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Invadam» ЖШС АФ» ЖШС, «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС, «Байқоңыргаз» ЖШС және «Азия Оңтүстік пром» ЖШС Қызылорда облысы бойынша (қала мен аудандар бөлінісінде) сұйытылған мұнай газының бағасын бір мезгілде ұстап тұру арқылы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырған.

Осылайша, бұл нарық субъектілердің әрекеттерінде аталған кезеңде автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттердің белгілері анықталды.

Баяндалғанның негізінде, департаментпен ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы, атап айтқанда, сұйытылған мұнай газының бағаларын төмендету арқылы оларды белгілеу және ұстап тұру бойынша келісілген әрекеттерді тоқтату туралы 8 хабарлама шығарылды, сондай-ақ, агенттіктің Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары бойынша департаменттеріне осы аумақта тіркелген 2 нарық субъектісіне хабарлама шығару туралы хат жолданды. Бұл хабарламалар 30 күнтізбелік күн мерзімде орындалмаған жағдайда, осы нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексерулерді жүргізуге негіз болады.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған нысандар хабарламаларды орындау мақсатында сұйытылған мұнай газының бағасы орта есеппен литріне 83-89 теңгеден 73-80 теңгеге дейін төмендетілді. Бұдан әрі департамент автогаз құю станциясы арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газына бағаның негізсіз көтерілуін бақылайтын болады.
03 тамыз 2021 ж. 191 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области