Жаңақорғанда егісті әртараптандыру қолға алынды
Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында егіс көлемі 449 гектарға артты. Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов айтты.
Әртараптандыру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен, Жаманбай батыр ауылдық округіндегі «Пазылбек қажы» шаруа қожалығы «Акватерра гидрогелі» су үнемдегіш технологиясын пайдалана отырып, 500 га мақсары, 100 га жаздық бидай екті. Алдағы уақытта, майлы дақылдар егу жоспарлануда.
Жалпы, ауданда 6 ауылдық округте көлемі 327 га құрайтын 6 агроиндустриялды аймақ жұмыс істеп тұр. Агроаймақта тұрғындар егін егіп, азық-түлік қорын молайту бағытында тынбай еңбек етуде.
Аудандағы аяқ су мәселесін шешу мақсатында осы жылы облыстық бюджеттен 2 ауылдық округтегі каналдарды қазуға 150,8 млн. теңге және аудандық бюджеттен 4 ауылдық округтегі аяқ су каналдарын тазалауға 69,2 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, былтыр 9 насос алынса, биыл 8 насос сатып алынды.