Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан бері 21 жасөспірім суға кеткен

Қызылордада жыл басынан бері 21 жасөспірім суға кеткен

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері су айдындарында және жағажайларда қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында 955 рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында қауіпсіздік ережелерін бұзып, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен 176 азаматқа әкімшілік шара қолданылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

Дегенмен бұл рейдтік жұмыстар тұрғындарға тиым болмай тұр. Қауіпсіздік ережелерін ескермей, сақтыққа селқос қарап белгіленбеген әрі зерттелмеген жерлерден суға түсу, масаң күйде шомылу деректері көп. Ағымдағы жылы аймақтағы су айдындарында тіркелген 35 қайғылы оқиғаның негізгі себептерін аталған жайттар құрап отыр. Ал балаларды қараусыз қалдыру салдарынан 21 жасөспірім суға кеткен.

«Өкінішке орай суға кету дерегі бойынша республикада Қызылорда облысы алдыңғы қатарда тұр. Су айдындарында және жағажайларда күндізгі 14:00 ден түнгі 22:00-ге дейін арнайы қызметкерлер бақылау жасауда. Қосымша үн парақтар таратып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Суға шомылу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
05 тамыз 2021 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области