Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан бойынша 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
«Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8…15-ке дейін төмендейді, ал күндіз 17… 22 градус жылуға дейін жетеді. Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», – делінген хабарламада.