Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 800 мың теңге мен телефон ұрлаған әйел ұсталды

Қызылордада 800 мың теңге мен телефон ұрлаған әйел ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Такси жүргізушісінен 800 мың теңге мен телефон ұрлаған қызылордалық әйел ұсталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, қала орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз біреу такси тоқтатып, белгіленген жерге апарып тастауын сұраған. Нәтижесінде жолаушы такси жүргізушісінің автокөлігінде тұрған 800 мың теңге ақшасын «Samsung» маркалы ұялы телефонын қолды қылған.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендерден жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Ол 26 жас шамасындағы күдікті әйел. Таксиге мінген жолаушы 880 мың теңге шығын келтірген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
11 тамыз 2021 ж. 150 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области