Аймағамбетов: Бір оқушыдан вирус табылса, бүкіл сынып қашықтан оқуға жіберіледі

«Егер бір сыныпта әлде бір топта коронавируспен ауырған бала шықса, онда дәл сол топ немесе сынып қашықтан оқыту форматына жіберіледі. Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген қағидада дәл осындай мәселе қарастырылған», – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді.