Қызылорданың өнімдері 16 мемлекетке экспортталады
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортқа шығады.
Биылғы жылдың 1 маусымына дейін құны 15,7 млн долларды құрайтын 47,6 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Олардың қатарында күріш, балық өнімдері және қамыс бар.
Өнімдер әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды. Барлық экспортталған өнімнің 95 пайызын күріш өнімі құрайды. Ол Ресей, Қырғызстан, Беларус, Әзербайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина және Ирак, Түркия мемлекеттеріне жөнелтіт. Есепті кезеңге 45,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 98,1 пайызды құрады. Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Грузия және Аустрия мемлекеттеріне 1 539,8 тонна балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 801,8 тонна қамыс жөнелтілді.