Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданынан шығатын өнімдер шетелге экпортталуда

Арал ауданынан шығатын өнімдер шетелге экпортталуда

Kyzylorda-news.kz. Аралда өткен жылы Германия, Голландия мемлекеттеріне 594 тонна қамыс және Өзбекстан Республикасына 136 тонна I-ші сұрыпты «Аралым ұны» экспортталды.

Аралда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Өткен жылы балықтың 2159 тоннасы Ресей, Қытай, Германия, Польша, Грузия мемлекеттеріне жөнелтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі 10,0 млрд. теңгені құрап, 102,1 пайызға артты. Ал мүйізді ірі қара 2 пайызға, жылқы 10,2 пайызға, түйе 7,2 пайызға, қой мен ешкі 1,4 пайызға өсті. Сондай-ақ, ауданда 193,0 гектар жерге егін егілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады», – деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы.

Сонымен қатар, Ақбасты елді мекенінде екі бірдей балық цехы іске қосылды. Оның бірі ауланған балық қорын 100 тоннаға дейін сақтаса, екінші цех күніне 40-қа жуық балық консервісін шығаруда.
10 наурыз 2021 ж. 178 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области