Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда 6 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қазалыда 6 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында алдағы қыркүйек айында 6 тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Ауданда бұған дейін 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 108 тұрғын баспанамен қамтамасыз етілген болатын.

Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі «Аймақаш» мөлтек ауданынан жеке кәсіпкерлер үйлердің іргетасын қалап, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аталған үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып, жеке кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесуде кәсіпкерлер үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалғанын жеткізді. Олардың айтуынша, қыркүйек айына дейін 6 үй дайын болады. Аудан басшысы үйлердің ішін аралап, құрылыс жұмыстарының сапасына аса қатты мән беруді тапсырды.

Айта кетейік, биыл баспана мәселесін шешу мақсатында жалға берілетін үйлерді сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға көлемі 60 шаршы метрден кем болмайтын 35 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бұл пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімінде тұрған жандарға беріледі.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұнан соң 5 квартал аймағындағы 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, бүгінгі күні инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Жылу – ХХІ» ЖШС атқаруда.

Аудан әкімі «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесінің басшысы Әділхан Ахмет және Әйтеке би кенті газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаевпен кездесіп, тұрғын үйлерді табиғи газ және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын талқылады. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа аталған мекемелермен бірлесіп, бұл мәселені уақытылы шешуді тапсырды.

Сонымен қатар аудан әкімі осы маңда тұратын тұрғындармен кездесті. Олар бұл маңда құбырлар тартылып тұрғанымен ауыз су және газ мәселесі шемімін таппағандығын жеткізді.

Өз кезегінде аудан басшысы неліктен осы аумаққа ауыз су мен газ келмей тұрғанын түсіндіріп, бұл мәселе жақын арада шешімін табатынын тілге тиек етті. Бұл мәселені шешу үшін «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесінің басшысы Әділхан Ахмет және Әйтеке би кенті газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев та қолдан келгенін аянып қалмайтындықтарын айтты.
13 тамыз 2021 ж. 162 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области