Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 тамызда күн ашық болады

15 тамызда күн ашық болады

Kyzylorda-news.kz. 15 тамызда республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық болады, тек шығысында және оңтүстік-шығысында ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондай-ақ жексенбіде кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.
15 тамыз 2021 ж. 138 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области