Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиелі ауданы көш бастап тұр

Шиелі ауданы көш бастап тұр

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы бірінші жартыжылдықта 7 микроэкономикалық көрсеткіштердің қорытындысы бойынша облыста көш бастады.

Ауданда өнеркәсіп орындары 29,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 177,2 пайызға орындалған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков мәлімдеді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсу тенденциясы байқалады. Ағымдағы жылдың 6 айында кіріс көлемін 1,8 млрд. теңгеге жеткізген ауданның кәсіпкерлік саласында да ілгерілеу бар. Мәселен қазіргі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5 488 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 114,6 пайызға артқан.

«Бүгінгі күні барлық мемлекеттік бағдарламалар яғни «Еңбек», «Өңірлік инвестиция орталығы», «Микро бизнес Қызылорда», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Кең дала», «Агробизнес», «Сыбаға», «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша ауданнан құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 357 жоба қаржыландырылып, 456 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жаңа өндіріс көздерін ашу мақсатында Шиелі ауданының шығыс индустриялдық аймағынан жобалық құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаға 25 га жер телімі сауда саттық арқылы табысталды. Бүгінгі күні, индустриялдық аймақтан 70,6 млрд. теңгені құрайтын 18 жобаға жер телімі бөлініп, оның ішінде 5 жоба іске қосылды. Жобалар толықтай жүзеге асырылған уақытта 533 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады», – деді Нариман Әскербекұлы.
16 тамыз 2021 ж. 149 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области