Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Депутат Мұрат Бақтиярұлы Арал ауданына барды

Депутат Мұрат Бақтиярұлы Арал ауданына барды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен, бірқатар сала басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бас қосты.

Кездесу барысында Мұрат Бақтиярұлы Парламент Сенатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысын таныстырып өтті.

Сонымен қатар ауданымыздағы қуаңшылық мәселесіне мән бере отырып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың аяқ алысын тыңдады. Бұл жөнінде аудан әкімі Серік Сермағамбетов сөз алып, қуаңшылық салдарын еңсеру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың түйінін тарқатты. Сондай-ақ, алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды.

Ауданның тыныс-тіршілігіне қаныққан Мұрат Бақтиярұлы осындай қиын кезеңде ауданға басшылық қызметке келген аудан әкіміне оң бағасын беріп, қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар осы кезеңдегі аудан үшін өзекті мәселелерді шешуге атсалысатындығын жеткізді.
22 тамыз 2021 ж. 248 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области