Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 517 сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріледі

Қызылордада 517 сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріледі

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы аясында пробация қызметінің есебіндегі 517 сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріледі.

23-29 тамыз аралығында Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның басты мақсаты – бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.

Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Г.Жылқамановтың айтуынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 517 сотталған есепте тұр.

«Құқықтық тәртіп» РПШ өткізу кезінде сотталғандармен олардың тұрғылықты жері бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қоса қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандарға ерекше назар аударылуда.

Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Олардың әрқайсысы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген сотталған адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары да жүргізілуде.

Жаза өтеуден қасақана жалтарған бір сотталғанға қатысты сынақ мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу туралы, тағы бір сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыныстар жолданды.
24 тамыз 2021 ж. 156 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области