Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бүгінге дейін 14 859 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Қызылордада бүгінге дейін 14 859 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 14 859 адамның індет жұқтырғандығы анықталса, бүгінде оның 82 пайызы жазылған. Ал, пневмониямен ауырған 2019 науқастың 1741-і яғни 86,2% емделіп шықты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов мәлімдеді.

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда. Қазіргі таңда инфекциялық төсек-орын саны 2160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 164, бүгінге жүктеме 49,5 пайызды құрап отыр. Резервтік орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленіп, оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған.

«Облыста режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті. Атап айтқанда, медициналық ұйымдар 686 оттегі концентратор, 251 ӨЖЖ, 8 компьютерлік томограф, 66 рентген аппаратымен қамтылған. 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 3500-ге дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 65,9%-ы яғни 264 502 адам вакциналанды.
24 тамыз 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области