Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Екіжақты меморандумға қол қойылды

Қызылорда: Екіжақты меморандумға қол қойылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өткен Тамыз кеңесі аясында облыстық білім басқармасы басшысы Ақзира Бақтыбайқызы мен «Talap» КЕ АҚ вице-президенті Санжар Мейірханұлы ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру.

Бүгінде адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, заман талабына сай техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда.

Осы орайда, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қазіргі таңда түбегейлі реформалар енгізілуде. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы тиімді жүзеге асуда. Қазіргі таңда облыстағы кәсіптік-техникалық оқу орындары индустриалдық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауды қолға алды.

Аталған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін қол қойылған екіжақты меморандум аясында алдағы уақытта бірлескен жұмыстар бастау алады.
26 тамыз 2021 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области