Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 2 жедел жәрдем қызметкері жол апатынан көз жұмды

Қызылордада 2 жедел жәрдем қызметкері жол апатынан көз жұмды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды.

№5 қалалық емхана ұжымы фельдшер Жадыра Омарова және жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бақытжан Маенов қызмет бабында қаза тапқанын хабарлады.

Оқиға 29 тамыз таңғы сағат 05:46 шамасында Қызылорда қаласында орталық көшелердің бірінде болды. Масаң күйдегі «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, бағдаршам алдында тоқтап тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соққан.

«Жол-көлік оқиғасынан екі адам медициналық мекемеде көз жұмды. Тексеру барысында «Toyota Land Crusier» автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Бұл азамат 2016 жылғы қараша айында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

«Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
31 тамыз 2021 ж. 129 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области