Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада май құю бекетін тонаған азамат сотталды

Қызылордада май құю бекетін тонаған азамат сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаладағы май құю бекетінің біріне қарақшылық шабуыл жасалғандығы жөнінде хабарлама түсті.

Жүргізілген тексеру барысында бетіне бетперде киіп алған күдікті май құю бекетіне баса көктеп кіріп, кассирді тапаншамен және пышақпен қорқытып, кассадан ақша, ұялы телефон, шкаф ішінде тұрған мекемеге тиесілі арнайы жүз мыңнан асатын соммадағы газ құятын талондарды алып кеткендігі анықталды.

Оқиға орнынан барлық айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, өкінді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының талабына сәйкес, күдіктінің іс-әрекетіне объективті тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, сәуір айының 3 күні қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының 07.07.2021 жылғы үкімімен айыпталушыға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
02 қыркүйек 2021 ж. 129 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области