Қызылордада ер адам сатушыны ойыншық тапаншамен қорқытып тонамақ болған
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушыны ойыншық тапаншамен қорқытып арақ-шарап алып кеткен бұзақы ұсталды. Күдікті сол уақытта басқа дүкенге кіріп сатушыдан ақша талап еткені анықталды.
«Бірнеше сағат ішінде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотталған 26 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны ұсталды. Одан айғақты заттар тәркіленіп, ойыншық тапанша қолданғаны белгілі болды. Тексеру барысында күдікті азаматтың екі тонау дерегіне қатысы бар екені анықталды», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысында.