Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде соя дақылын жинау жұмыстары жүргізілуде

Шиеліде соя дақылын жинау жұмыстары жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы егін шаруашылығында су тапшылығының орын алуы ескертілген болатын. Осыған сәйкес суды аз қажет ететін дақылдарды орналастыру көзделіп, дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытында ерекше мән берілді. Осының нәтижесіндеШиелі ауданы Бәйтерек ауылдық округіне қарасты «Бидайкөл» шаруа қожалығы 70 га жерге соя дақылын орналастырды. Бүгінде соя дақылын ору, жинау жұмыстары жүргізілуде.
Соя дақылы – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік, бұршақ дәнді, майлы дақыл. Биіктігі 40 – 100 см, жапырағы күрделі, үш құлақты келеді, гүлі ұсақ, ақ не күлгін түсті. Сабағы ірі, тік. Жемісі – бұршақ. Сояның дәнінде: белок, көміртек, май, D, B, E витаминдері бар. Қарашірігі мол қара топырақты жерде жақсы өседі, ал қышқыл, сор, батпақты топырақтарда нашар өседі. Соя ұнынан сүт, сүзбе, айран және кондитер тағамдары дайындалады, тазартылған майын тағамға пайдаланады. Соя белогынан жасанды талшық, пластмасса, желім алынады. Сояның майы сыр, бояу, сабын, маргарин жасауда, тоқыма өнеркәсібінде және медицинада қолданылады. Сондай-ақ соя – құнарлы мал азығы, шөбінің құрамында 36,4% шикі протеин, 6,5% май, 32,4% азотсыз заттар, 5,2% клетчатка, ал 100 кг шөбінде 51% мал азықтық өлшем болады. Соядан пішен, жарма, сүрлем, күнжара, т.б. дайындалады. Картоп, жүгері, жаздық бидай, т.б. дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны малға көк балауса түрінде беру, сүрлемге қосу үшін жүгері және қонақ жүгерімен араластырып егеді.
Күтімді аз қажет ететін, климаттық жағдайларға төзімді, топырақ құнарлығын арттыратын, суды аз қажет ететін дақыл болып саналады.
05 қазан 2021 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области