Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » TED ФОРМАТЫНДА ДИАЛОГ АЛАҢЫ

TED ФОРМАТЫНДА ДИАЛОГ АЛАҢЫ


    Қызылорда облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында «Шаңырақ» жобасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар» атты TED форматында диалог алаңы өтті.
    Шара аясында мектеп-интернат ұжымы әзірлеген Рухани жаңғыру мен «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сабақтастығын оқу-тәрбие үдерісінде ұйымдастырудың үлгілік нұсқаулығының презентациясы таныстырылды.
    «Әлеуметтік жобалар – тәрбие үдерісінде»  тақырыбындағы  жоба  жетекшілері мен белсенді оқушылардың таныстырылымы ұсынылды. Олар «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Көшбасшы», «Қоғамға қызмет ету», «Қазақ әндері» әлеуметтік жобалары бойынша атқарылған жұмыстар мақсаты, тиімділігі, нәтижесі туралы тәжірибелерімен бөлісті.
    Облыстық TED форматындағы диалог алаңына қатысушылар әлеуметтік жобалар бойынша 6 тәрбие сағаттарының серияларына қатысып, тәрбие сабақтары жаңа форматта, интербелсенді әдістерге негізделіп, кіріктірілген оқыту түрімен жүргізілді.
    Шараға облыстағы 46 инновациялық мектептердің басшылары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, барлығы 300-ден астам маман қатысты.



27 ақпан 2018 ж. 1 211 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области