Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар үй жануарларын өз қаражаты есебінен міндетті есепке тұрғызуы керек

Қазақстандықтар үй жануарларын өз қаражаты есебінен міндетті есепке тұрғызуы керек


Kyzylorda-news.kz. Үй жануарларын ұстайтындар қазақстандықтар енді оларды тіркеуге тұрғызуы тиіс. Әйтпесе олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұндай норма мәжілістің қарауында жатқан «жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына енгізілген, деп хабарлайды Stan.kz.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтуынша, үй жануарларын міндетті есепке алу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. 
«Заң жобасы үй жануарлары иелерінің қаражаты есебінен ақылы негізде есепке алу құралын қолдану арқылы үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді. Оны жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алуды кейінге қалдыру нормасы көзделген», – деді ол. 
Үй жануарлары бойынша барлық деректер ветеринарлық клиникалар базасына енгізілетін болады. Содан кейін жергілікті атқарушы органдарға беріледі.
«Егер жануарды есепке алу және сәйкестендіру шарттарын орындамаса, әкімшілік жауапкершілік тартылатын болады», – деп толықтырды вице-министр.
Оның мәліметінше, тіркелмеген жануар анықталған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ні құрайтын болады. Қайталанатын болса одан сайын жоғарылайды.
Сондай-ақ, вице-министр жануарларды ұстау саласында «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізу ұсынылатынын айтты. Ал жануарларға қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
«Жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді, жануарларды иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге және үй жануарларын биостерилизациялау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру құзырет беріледі», – деді ол.
09 қазан 2021 ж. 59 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области