Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада алғаш рет «Қазан жартылай марафоны» өтті

Қызылордада алғаш рет «Қазан жартылай марафоны» өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен және өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазан ұлттық жартылай марафоны – 2021» өтті.
Іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен қала күніне орайластырылған бұл жарыс Қызылордада алғаш рет өткізіліп отыр.
Шараның алғы сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов пен татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Галия Гизатуллина барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Марафонға 7-ден 85 жасқа дейінгі тұрғындар қатысты. Ерлер мен әйелдер арасында жас санаттары бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
12 қазан 2021 ж. 100 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области