Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 қазан – Халықаралық стандарттар күні

14 қазан – Халықаралық стандарттар күні

Kyzylorda-news.kz. Бүгін − халықаралық стандарттау күні. Стандарттаудың негізгі мақсаты − отандық өнімнің сапасын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығы Бауыржан Қарсақбаев ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын түсіндірді.

«Дәстүр бойынша стандарттау күні еліміздің барлық аймақтарындағы Мемлекеттік стандарттар ұйымдары түрлі форматтағы іс-шаралар өткізеді. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты − техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы қызметке назар аудару және қоғам үшін өзекті мәселелерді шешуде стандарттардың рөлін көрсету болып табылады. Стандарттаудың ұлттық жоспары үш жылға жасалады. Келесі жылы 355 стандарттар әзірлеу жоспарланған. Стандарттау нысандарының қауіпсіздік мәселелерін мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайды. 2012 жылы нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры құрылды. Ол «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес жұмыс істейді. Негізгі мақсаты – кең ауқымды пайдаланушыларға нормативтік техникалық құжаттардың қол жеткізімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ақпарат таратудың бірыңғай электрондық жүйесін қалыптастыру. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорды құрып жинақтау көзі нормативтік техникалық құжаттарды бекітетін мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар болып табылады», – деді Бауыржан Бақытбекұлы.
14 қазан 2021 ж. 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области