Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық стандарттар әзірлеуге ұсыныстар жинақталуда

Ұлттық стандарттар әзірлеуге ұсыныстар жинақталуда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Облыс көлемінде жаңадан ұлттық стандарттар әзірлеуге ұсыныстар жинақтау жұмыстары мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізу үшін аймақтағы кәсіпорындарда жүргізілуде. "Нәтижесінде 9 ұсыныс уәкілетті органға қарау үшін жолданды. Олар: «Қуат» ЖШС-нен поливинхлоридтен және полиэтиленнен дайындалған құбырлар туралы 4 ұсыныс-өтініш, «Smart Rubber» ЖШС-нен резина ұнтақтағы және топырақ суғару трубалары туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Электортехнология» ЖШС-нен автоматикалық басқару станциясы және электродвигательді басқару станциясы туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Қызылорда филиалының биологиялық белсенді қоспалар методикасы туралы 1 өтініш-ұсыныс түскен", - деді Ерқанат Кеулімжаев.
Сонымен қатар, өнімдерді каталогтау жұмыстары да жүргізілуде. Департамент мамандарымен облыстың өнім өндіруші кәсіпорындары арасында шығарылған өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу жөнінде жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға сай, облыс кәсіпорындары шығарған 111 түрлі тауарлар өнімдердің катологтау жүйесіне енгізілді.
23 ақпан 2019 ж. 393 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области